Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан U-16 құрамасы Грузиядағы турнирде тең ойнады

Футболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Batumi Cup 2026 халықаралық турнирінің екінші матчында "Иберия 1999" командасымен тең түсті.

Қазақстан U-16 құрамасы Грузиядағы турнирде тең ойнады
Instagram/@kff_jastar

Дастан Рүстем пенальтиден есепті теңестірді

Кездесуде алаң иелері бірінші болып гол соғып, алға шықты. Бірақ қазақстандық жасөспірімдер қарымта доп соғып, жеңілістен құтылды.

Қазақстан құрамасы сапында Дастан Рүстем көзге түсті. Ол пенальтиді дәл орындап, есепті 1:1-ге жеткізді.

Қазақстан U-16 құрамасы турнирдің бірінші матчында "Динамо Батуми" командасын 5:0 есебімен жеңген. 

Сол кездесуде Мансұр Ақылбек дубль жасаса, Сержан Жанмұрат, Максим Бонет және Дастан Рүстем бір-бір голдан соқты. Осылайша Рүстем Batumi Cup 2026 турниріндегі екі ойында да мергендігімен танылды.

Келесі қарсылас — "Вильярреал" 

Екі турдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде төрт ұпай бар.

Турнирдегі соңғы матчта қазақстандық жасөспірімдер Испанияның "Вильярреал" командасымен кездеседі. Ойын 9 қазанда Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19