Қазақстандық футболшылар Грузияны ойсырата жеңді
16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Batumi Cup 2026 халықаралық турниріне қатысып жатыр.
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Batumi Cup 2026 халықаралық турнирінде ірі есеппен жеңіске жетті.
Кездесу барысында Қазақстан U-16 құрамасы ойын тізгінін өз қолында ұстап, "Динамо Батуми" командасының қақпасына бес гол соқты.
Гол авторлары:
- Дастан Рүстем;
- Сержан Жанмұрат;
- Максим Бонет;
- Мансұр Ақылбек.
Мансұр Ақылбек бұл кездесуде дубль* жасады.
Келесі қарсылас – "Иберия"
Қазақстан U-16 құрамасы келесі матчын 8 қазанда грузиялық "Иберияға" қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады.
Ал 9 қазанда қазақстандық жасөспірімдер Испанияның "Вильярреал" командасымен кездеседі.
Бұл туралы не ойлайсыз?