Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қарағандыда 16 мың орындық жаңа стадион салынады

Жаңа нысан Қарағандының климаттық жағдайына бейімделіп салынады. Басты ерекшелігі - шатыры жылжымалы болады. 

Қарағандыда 16 мың орындық жаңа стадион салынады
kazfootball.kz

Қарағандыда жаңа заманауи футбол стадионын салынбақ.  Нысан "Шахтер" футбол клубының академиясына жақын аумақта бой көтереді. Бұл туралы Тимур Турлов Aman Vibe-қа берген сұхбатында хабарлады. 

Жобаға жергілікті әкімдікпен қатар Freedom да қатысады. Жоспар бойынша жаңа арена футболға бейімделіп, Қарағандының климаттық жағдайын ескере отырып салынады. Басты ерекшеліктерінің бірі – жылжымалы шатыр.

"Қарағандының климатын ескерсек, мұндай шешім өте өзекті. Қазір шамамен 16 мың адамға арналған стадион жобаланып жатыр. Менің ойымша, бұл қала үшін оңтайлы нұсқа және алдағы бірнеше онжылдыққа жақсы негіз болады", – деді Тимур Турлов.

"Шахтер" академиясында да жеке стадион болады

Қарағандыда салынып жатқан футбол академиясының құрамында да кемінде 4,5 мың орындық стадион қарастырылған. Ол негізінен "Шахтердің" жастар командасына арналған.

Сонымен қатар кешен аумағында бірнеше жаттығу алаңы мен жабық футбол манежі болады. Бұл - осы форматта жаңадан салынып жатқан алғашқы ірі футбол инфрақұрылымдарының бірі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?