Талғат Байсуфинов ҚПЛ клубынан бас тартты
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Қызылорданың "Қайсар" клубынан түскен ұсынысты қабылдамады.
Байсуфиновке ұсыныс жасалды
AmanVIBE мәліметінше қызылордалық клубтың басшылығы 57 жастағы маманмен байланысып, команданың бас бапкері қызметін ұсынған.
Бірақ Талғат Байсуфинов келіссөзді жалғастырудан бас тартқан. Бапкер қазір кәсіби қызметіне қайта оралу мүмкіндігін қарастырмайтынын жеткізген.
Тәжірибелі маман маусым айының соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Содан бері ешбір команданы жаттықтырған жоқ.
"Қайсар" жаңа бас бапкер іздеп жатыр
Қызылордалық команда Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында Көкшетаудың "Оқжетпесінен" 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін бапкерсіз қалды. Команда Андрей Ферапонтовтың кеткенін ресми түрде жариялады.
Енді клуб басшылығы команданы маусымның қалған бөлігіне дайындайтын жаңа маман іздеуді жалғастырады.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.