Жарнама
Жарнама

Ислам Чесноков РПЛ көшбасшысына қарсы матчта ең төмен баға алды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ресей Премьер-лигасының жетінші турында "Крылья Советов" сапында "Краснодарға" қарсы ойнады.

Ислам Чесноков РПЛ көшбасшысына қарсы матчта ең төмен баға алды
instagram/@fckssamara

"Крылья Советов" өз алаңында тең түсті

Самарада өткен матчта алаң иелері чемпионат көшбасшысы "Краснодардан" 2:2 есебімен аяқталды. 

Чесноков кездесуді негізгі құрамда бастап, екінші таймның алдында алмастырылды. Оның орнына 46-минутта Амар Рахманович шықты. Кейін дәл осы футболшы самаралық команда үшін дубль жасады.

Қазақстандық жартылай қорғаушы алаңда өткізген 46 минут ішінде:

  • қақпаға бірде-бір соққы бағыттамады;
  • бес пастың үшеуін дәл жеткізді — 60 пайыз;
  • допқа 12 рет жанасты;
  • қарсыластың айып алаңында допқа иелік етпеді;
  • бір рет сәтсіз дриблинг жасауға талпынды;
  • тоғыз жекпе-жекке қатысты.

Flashscore порталы Чесноковтың ойынын 5,9 балмен бағалады. Бұл — екі команданың барлық футболшылары арасындағы ең төмен баға.

Чесноковтың самаралық клубтағы үшінші матчы

"Краснодарға" қарсы кездесу Ислам Чесноков үшін "Крылья Советов" құрамындағы үшінші ойын болды. Ол 18 тамызда Қостанайдың "Тобылынан" міндетті сатып алу шарты қарастырылған жалдау келісімі бойынша самаралық клубқа ауысқан.

РПЛ-дың жеті турынан кейін "Крылья Советов" алты ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр. Ал 18 ұпай жинаған "Краснодар" Ресей чемпионатында көш бастап келеді.

Жарнама
Жарнама