Жарнама
Жарнама

"Қайрат" Ақтауда жеңіске жетіп, ҚПЛ көшбасшысына жақындады

Алматылық "Қайрат" ФК Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турынан кейінге шегерілген матчта "Каспийді" ірі есеппен жеңді.

"Қайрат" Ақтауда жеңіске жетіп, ҚПЛ көшбасшысына жақындады
instagram/@caspiy_fc

Бірінші таймда екі гол соғылды

Алматылықтар матчтың алғашқы бөлігінде-ақ басымдығын танытты. Олжас Байбек есеп ашса, артынша Эдмилсон "Қайраттың" басымдығын екі допқа жеткізді.

Екінші таймда Александр Мрынский алаң иелерінің қақпасын дәл көздеп, кездесудің қорытынды есебін белгіледі — 0:3.

"Қайрат" чемпиондық бәсекені шиеленістірді

Осы жеңістен кейін алматылық клубтың еншісінде 54 ұпай бар. "Қайрат" ҚПЛ кестесінде көш бастап тұрған "Ордабасыдан" бір ұпайға ғана қалып келеді. Есесіне алматылықтардың бір ойыны бар.

Ал "Каспий" 26 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының оныншы сатысында қалды.

Жарнама
Жарнама