ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

"Астана" футболшылары бойкот жарияламақ

Бүгін елордалық команда өз алаңында семейлік "Елімайды" қабылдайды. Кездесу 18:00-де басталады.

"Астана" футболшылары бойкот жарияламақ
Offside.kz

"Астана" футбол клубында жалақыға байланысты жағдай ушыға түсті. AmanVIBE дерегінше, елордалық команданың ойыншылары берешек өтелмеген жағдайда жаттығулар мен ресми матчтарға қатысудан бас тартуға дайын.

Ойыншылар клубқа мерзім қойған

Дереккөздің мәліметінше, команда футболшылары мұндай шешімді шамамен бір апта бұрын қабылдаған.

"Мендегі ақпарат бойынша, бір апта бұрын команда ойыншылары жаттығулар мен ресми матчтарға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдаған. Егер клуб 7 қыркүйекке дейін бірнеше айдан бері жиналған жалақы қарызын жаппаса, футболшылар бұл жоспарын іске асыруға дайын", – деп жазды дереккөз.

Әзірге клуб тарапынан ойыншылардың ықтимал бойкоты немесе жалақы қарызына қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ. 

"Астана" турнир кестесінде үшінші орында

Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі маусымында Григорий Бабаян командасы 22 матчта 42 ұпай жинады. "Астана" турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.