"Ордабасы" есепте алда тұрып, ҚПЛ-дегі жеңісті сериясын тоқтатты
Шымкенттіктер Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында Көкшетаудың "Оқжетпесіне" есе жіберді.
Шымкенттіктер жылдам гол соқты
Ойынның алғашқы бөлігінде қонақтар басымдық танытты. Айып алаңына әуелете бағытталған пасты Берн Йонсен тиімді пайдаланып, командасын алға шығарды.
Үзілістен кейін алаң иелері пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Он бір метрлік соққыны Нұрғайын Бөрібаев дәл орындап, таразы басын теңестірді.
Одан кейін "Ордабасы" шабуылын күшейткенімен, көкшетаулықтар қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырды. Бектемір Абдуманноновтың айып добынан жасаған соққысы қақпа маңдайшасына тиді.
Матчтың шешуші голы бұрыштама добынан кейін соғылды. Леонарду Де Ассунсау мергендігімен көзге түсіп, "Оқжетпеске" жеңіс әкелді. Қақпашы Мирослав Лобанцев те бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасының үш ұпай алуына үлес қосты.
Жеңісті серия үзілді
Осылайша "Оқжетпес" "Ордабасының" ҚПЛ-дегі қатарынан төрт жеңістен тұратын сәтті сериясын тоқтатты.
Жеңіліске қарамастан шымкенттік ұжым 55 ұпаймен турнир кестесінің көш басында қалды. Ал ұпай санын 42-ге жеткізген Ринат Әлеуетовтың шәкірттері "Астанамен" теңесті.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.