ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Қазақстан құрамасының капитаны Ресей чемпионатында жеңіс голын соқты

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова Мәскеудің "Динамосына" маңызды жеңіс сыйлады.

Қазақстан құрамасының капитаны Ресей чемпионатында жеңіс голын соқты
instagram/@fcdynamo_women

Бірінші минутта есеп ашты

Әйелдер арасындағы Ресей чемпионатының 18-турындағы матч "Крылья Советовке" қарсы Самарада өтіп, 1:0 есебімен мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды.

Кездесудің тағдырын шешкен гол ойынның алғашқы минутында соғылды. Бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жеткен Мясникова қарсыластарынан озып, баспен дәл соққы жасады.

Юлия Мясникова "Динамоның" негізгі құрамында алаңға шығып, кездесуді толық өткізді. Осылайша Қазақстан құрамасының капитаны гол соғып қана қоймай, мәскеулік клубқа сырт алаңда үш ұпай алып берді.

Турнир кестесіндегі жағдай

"Динамо" 16 матчтан кейін 25 ұпай жинап, Ресей чемпионатының турнир кестесінде алтыншы орында келеді.

Ал еншісінде 27 ұпайы бар Самараның "Крылья Советов" клубы бесінші сатыға жайғасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.