ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Үздік ойыншы атанған Дастан Сәтпаев "Бернлидің" құрамынан тыс қалды

Қазақстандық шабуылшы Чемпионшиптың 5-турындағы "Бристоль Ситиге" қарсы ойынға қатыспайды.

Үздік ойыншы атанған Дастан Сәтпаев "Бернлидің" құрамынан тыс қалды
instagram/@burnleyofficial

Сәтпаев матч өтінімінен тыс қалды

"Бернли" мен "Бристоль Сити" арасындағы кездесу "Терф Мур" стадионында өтеді. Матчтың басталу уақыты — 19:00.

Команданың бас бапкері Ники Хайен қазақстандық шабуылшыны бұл ойынның өтініміне қоспады. Сәтпаевтың қандай себеппен құрамнан тыс қалғаны әзірге хабарланған жоқ.

Бұл шешім ерекше назарға ие. Себебі Дастан бұған дейінгі турда "Мидлсброға" қарсы сәтті өнер көрсетіп, кездесудің үздік ойыншысы атанған еді.

"Бернлидің" негізгі құрамы

Ники Хайен алаңға мына футболшыларды шығарады:

Вейб, Уокер, Аллейн, Хатате, Рагубер, Хунтонжи, Экдаль, Рамазани, Рэмси, Сонне, Лоран.

Дастан Сәтпаев ағылшындық клубтың жейдесінде төрт кездесу өткізді. Оның үшеуі Чемпионшипте, біреуі Англия лигасының кубогында. Қазақстандық футболшы үш матчты негізгі құрамда бастады.

Сәтпаев "Бернли" сапындағы дебютін "Вест Бромвичке" қарсы ойында қосалқы құрамнан алаңға шығу арқылы жасаған. Кейін "Брэдфорд Ситимен" болған кубоктық кездесуде, сондай-ақ "Норвич" пен "Мидлсброға" қарсы Чемпионшип матчтарында алғашқы минуттан ойнады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.