ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

"Барселонадан" оңбай ұтылған "Валенсияның" жанкүйерлері бас көтерді

"Валенсия" клубы "Барселонадан" 0:5 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін жанкүйерлер клуб басшылығы мен футболшыларға қарсы жаппай наразылық акциясын өткізді.

"Барселонадан" оңбай ұтылған "Валенсияның" жанкүйерлері бас көтерді
uz.kursiv.media

Associated Press мәліметінше, матч аяқталған соң мыңдаған жанкүйер "Месталья" стадионының маңына жиналып, наразылық білдірген. Клуб президенті Киат Лим мен "Валенсияның" иесі Питер Лимнің кетуін талап етіп, "Үйлеріңе құрыңдар" деген ұрандар айтқан.

"Валенсия" жанкүйерлері футболшыларды да аямады

Фанаттардың наразылығы ойын басталмай тұрып-ақ байқалған. Кейбір ультрас топтары қарсылық белгісі ретінде кездесудің алғашқы бөлігінде трибунаға кірмей қойған.

Команда құрамы мен бас бапкер Карлос Корберан стадионға шыққан сәттен бастап жанкүйерлердің ысқырығына тап болды. Ал 0:5 есебімен аяқталған кездесуден кейін "Местальядағы" наразылық одан әрі күшейді. Reuters Connect таратқан EFE материалында матчтан кейін стадион маңына екі мыңға жуық адамның жиналғаны айтылады.

Киат Лим "Местальяға" алғаш рет президент ретінде келді

Киат Лим "Валенсия" президенті қызметіне 2025 жылы кірісті. Испаниялық БАҚ мәліметінше, "Барселонамен" өткен кездесу оның клуб президенті ретінде "Местальядағы" алғашқы ресми матчы болды. Оның трибунаға шыққанын көрген жанкүйерлер "Кет!" деп айқайлап, Питер Лимге қарсы дәстүрлі "Lim Go Home" плакаттарын көтерген. (

Айта кетейік, "Барселонадан" болған ірі жеңіліс "Валенсияның" қатарынан үшінші жеңілісіне айналды. Команда жаңа маусымды тең нәтижемен бастағанымен, кейінгі үш ойында ұпай ала алмады.

Ла Лиганың төрт турынан кейін "Валенсияның" еншісінде небәрі 1 ұпай бар. Команда төрт кездесуде тек бір гол соғып, тоғыз доп жіберді және турнир кестесінің соңғы орнында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.