ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

"Шахтер" қазақстандық талант үшін 50 миллион ұсынды

Алайда "Академия Оңтүстік" негізгі ойыншыларының бірін дәл қазір сатуға асықпайды.

"Шахтер" қазақстандық талант үшін 50 миллион ұсынды
time.kz

Қарағандылық "Шахтер" 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Әлихан Әлиді өз қатарына қосуға әрекет жасаған. Келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін клуб сол үшін жас футболшы үшін қомақты трансферлік ұсыныс жасаған.

AmanVIBE мәліметінше, қарағандылық клуб "Академия Оңтүстік" сапында ойнайтын футболшының трансферіне 50 миллион теңге төлеуге дайын болған. Алайда шымкенттік клубтың басшылығы "Шахтердің" ұсынысын қабылдамаған. "Академия Оңтүстік" негізгі ойыншыларының бірін дәл қазір сатуға асықпайды.

Әлихан Әли Бірінші лигада нәтижелі маусым өткізіп жүр

18 жастағы шабуылшы биылғы маусымда Бірінші лигадағы ең нәтижелі жас футболшылардың бірі болып отыр.

Әлихан Әли 19 матчта 13 гол соққан. Мұндай көрсеткіш жас форвардқа Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының назар аударуына себеп болып отыр.

Осылайша, "Шахтер" қомақты ұсыныс жасағанымен, шымкенттік клуб талантты шабуылшысын әзірге командада қалдыруды жөн көрген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.