ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Барселона"капитанын сатылымға шығармақ

Клуб де Йонгтың трансфері үшін 50 миллион еуро тұрақты төлем және тағы 15 миллион еуро бонус алуды көздейді.

"Барселона"капитанын сатылымға шығармақ
sports.yahoo.com

"Барселона" жартылай қорғаушы Френки де Йонгпен қоштасу мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

De Telegraaf мәліметінше, "Барселона" президенті Жоан Лапорта мен спорт директоры Деку 29 жастағы футболшыға жаңа клуб іздеуге кіріскен. Каталониялықтар де Йонгқа Англия Премьер-лигасы немесе Сауд Арабиясы клубтары қызығушылық танытады деп үміттенеді.

Ақпарат бойынша, клуб де Йонгтың трансфері үшін 50 миллион еуро тұрақты төлем және тағы 15 миллион еуро бонус алуды көздейді. Осылайша, келісімнің жалпы құны 65 миллион еуроға дейін баруы мүмкін. 

Де Йонг жаңа маусымда әлі ойнаған жоқ

Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы қазіргі уақытта жарақатынан айығып жатыр. "Барселона" 23 шілдеде де Йонгтың оң тізесінің медиалдық коллатералды байламын жарақаттағанын ресми хабарлады. Футболшы консервативті ем қабылдап, клуб дәрігерлерінің бақылауымен оңалту бағдарламасынан өтіп жатыр. 

Айта кетейік, Френки де Йонг каталониялық клубқа 2019 жылы Амстердамның "Аяксынан" ауысты. Ол осы уақыт ішінде "Барселона" сапында 290-нан астам матч өткізіп, команданың негізгі жартылай қорғаушыларының біріне айналды. 2026 жылдың сәуірінде де Йонг клуб тарихында ең көп матч өткізген нидерландтық футболшы атанды.

Де Йонг сонымен қатар команданың капитандар тобына кірді. Тамызда "Барселона" оның жарақатына байланысты капитандық міндеттерді уақытша Рафинья, Педри және Эрик Гарсия атқарып жүргенін хабарлаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.