"Твенте" – "Қайрат" матчының билет бағасы жарияланды
Билет сатылымы 24 қыркүйекте басталады. Ал екі клуб арасындағы ойын 17 желтоқсан күніне жоспарланған.
Нидерландтың "Твенте" клубы Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде алматылық "Қайратқа" қарсы өтетін матчқа билет бағаларын жариялады.
Айта кетейік, кездесу 17 желтоқсанда Энсхеде қаласында өтеді.
Билеттер қанша тұрады?
Клуб жариялаған мәлімет бойынша, қақпа артындағы секторларға билет бағасы 30 еуро, яғни шамамен 15 800 теңге болады.
Бүйір жағындағы трибунадағы орындар 35 еуроға немесе шамамен 18 500 теңгеден сатылады.
Ал Diekman трибунасындағы билеттердің бағасы 70 еуроға дейін жетеді. Бұл шамамен 36 900 теңге.
Жастар мен балаларға жеңілдік бар
"Твенте" клубының Young Reds жастар қауымдастығына кіретін жанкүйерлер билетті 12,5 еуроға, яғни шамамен 6600 теңгеге сатып ала алады.
Ал клубтың балалар ұйымы мүшелері үшін билет құны 10 еуро немесе шамамен 5300 теңге болады.
Билет сатылымы 24 қыркүйекте басталады.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.