ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Ақтауда жаңа стадионның құрылысы бастады

Жаңа спорт кешені бұрынғы резиденция аумағында бой көтереді. Жобаның жалпы аумағы 17,29 гектарды құрайды.

Ақтауда жаңа стадионның құрылысы бастады
Offside.kz

Ақтау қаласында 10 мың көрерменге арналған жаңа көпфункционалды стадионның құрылысы басталды. Қазір нысан орналасатын аумақта жер жұмыстары жүргізіліп, құрылыс алаңы әзірленіп жатыр.

Жаңа спорт кешені бұрынғы резиденция аумағында бой көтереді. Жобаның жалпы аумағы 17,29 гектарды құрайды.

Стадион UEFA талаптарына сай болады

Негізгі аренаның трибуналары 10 мың жанкүйерге есептелген. Футбол алаңының көлемі 105×68 метр болады.

Алаңға табиғи көгал төселіп, арнайы жылыту жүйесі мен жерасты дренажы орнатылады. Жоба бойынша жаңа стадион Қазақстан футбол федерациясының бесінші санатына және UEFA-ның төртінші санатына сәйкес келуі тиіс.

Бұл деңгейдегі инфрақұрылым Ақтауда республикалық қана емес, халықаралық футбол матчтарын да өткізуге мүмкіндік береді.

Екі жаттығу алаңы салынады

Спорт кешенінің аумағында негізгі стадионнан бөлек екі жаттығу футбол алаңы қарастырылған.

Олардың біріндегі трибуна 600 көрерменге, екіншісі 400 адамға арналған. Сонымен қатар автотұрақ, бақылау-өткізу бекеттері және қажетті инженерлік инфрақұрылым салынады.

Жаңа кешеннің маңызды бөлігі – футбол академиясы. Оның құрамында жас спортшыларға арналған 40 орындық жатақхана болады.

Академияда асхана, шағын футбол залы, жаттығу және функционалдық залдар, медициналық және қалпына келтіру орталықтары, оқу кабинеттері мен конференц-зал қарастырылған.

Жоба авторлары стадионның сыртқы келбетін Каспийдің інжу-маржанына ұқсатуды көздеп отыр. Ғимараттың дизайнында заманауи архитектуралық шешімдер Маңғыстаудың табиғи ерекшеліктері және мәдени мотивтерімен үйлестіріледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.