ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"60 млн доллар – жалған": Қырғызстан "Бішкек-Аренаға" қанша жұмсалғанын жариялады

Қырғызстан билігі Орталық Азиядағы ең ірі стадион саналатын "Бішкек-Аренаның" нақты құрылыс құнын атады.

"60 млн доллар – жалған": Қырғызстан "Бішкек-Аренаға" қанша жұмсалғанын жариялады
kursiv.kz

86 миллион долларға салынған

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов әлеуметтік желідегі парақшасында стадион құрылысына қатысты толық ақпаратты жариялады.

Оның айтуынша, бұған дейін мамандар мен құрылысшылар Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықпен айналысқандықтан, жобаның нақты құны туралы мәліметті жедел ұсыну мүмкін болмаған.

"Құрметті отандастар! Жақында "Бішкек-Арена" стадионы туралы қысқаша ақпарат жариялаған едім. Енді толық мәлімет қолымызға түсті. Стадион құрылысына 386 миллион доллар жұмсалды. Оның 60 миллион долларға салынғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді Асқат Алагөзов.

Алғашқы жоба толық өзгерді

Баспасөз хатшысының мәліметінше, құрылыс басталған кезде 30–35 мың көрерменге арналған қарапайым стадион салу жоспарланған. Сол тұста Қамшыбек Ташиев жобаның алдын ала құны шамамен 60 миллион доллар болуы мүмкін екенін айтқан.

Ал кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бастапқы тұжырымдаманы толығымен қайта қарауды тапсырған.

"Президент стадионды қырғыздың киіз үйі үлгісінде салуды, оның ішіне сауда орталықтарын, мейрамханалар мен дәмханаларды, супермаркет, кинотеатрлар, спорт залдары және балалар алаңдарын орналастыруды міндеттеді. Нысан бюджетке салмақ түсірмей, болашақта табыс әкелуі керек деген талап қойылды", – деп түсіндірді Алагөзов.

Осы шешімнен кейін жоба қайта әзірленіп, құрылыс кешенінің жалпы аумағы 194 248 шаршы метрге дейін ұлғайған. Нәтижесінде "Бішкек-Аренаның" қорытынды құны 386 миллион долларға жетті.

Орталық Азиядағы ең үлкен стадион

"Бішкек-Арена" екі жыл ішінде салынып, 31 тамызда ресми түрде пайдалануға берілді. 51 мың көрерменге арналған нысанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Сыйымдылығы жағынан бұл стадион Орталық Азиядағы ең ірі футбол аренасына айналды.

60 миллион доллар туралы ақпарат қайдан шықты?

БАҚ-та тараған 60 миллион доллар көлеміндегі сома Қамшыбек Ташиевтің құрылыстың бастапқы кезеңінде жасаған мәлімдемесіне негізделген. Ол кезде жоба ауқымы әлдеқайда шағын болған және.

Аренаның ашылуынан кейін қазақстандық ақпарат құралдары мен блогерлер осы соманы белсенді түрде тарата бастады. Жарияланымдарда Қырғызстан мен Қазақстандағы стадиондардың құрылыс мерзімі мен құны салыстырылған еді.

Қырғызстан билігінің жаңа мәліметіне сәйкес,, көпфункционалды "Бішкек-Аренаның" нақты бағасы бұрын айтылған сомадан алты еседен астам жоғары болып шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.