ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Азиадаға қатысатын боксшылар құрамы белгілі болды

Жуырда Қазақстан бокс федерациясы тиісті тізімді жариялады. Оған ерлер және әйелдер құрамасынан 11 боксшы енді. 

Азиадаға қатысатын боксшылар құрамы белгілі болды
olympic.kz

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін ХХ Жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін ресми түрде жариялады.

Бокс бәсекесі 21 қыркүйекте басталады. Турнир қарсаңында Қазақстан құрамасының боксшылары бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып, Азия ойындарына соңғы дайындықтарын пысықтайды.

Жалпы тізімге ерлер және әйелдер құрамасынан 11 боксшы енді.

Ерлер құрамасы

Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында алты салмақ дәрежесінде бақ сынайды:

  • 55 келі – Махмұд Сабырхан
  • 60 келі – Оразбек Асылқұлов
  • 70 келі – Төрехан Сабырхан
  • 80 келі – Сабыржан Аққалықов
  • 90 келі – Нұрбек Оралбай
  • +90 келі – Айбек Оралбай

Ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы – Нұржан Насанов.

Құрамда халықаралық ареналарда тәжірибе жинаған және Қазақстан боксының негізгі көшбасшылары саналатын бірнеше спортшы бар. Олардың қатарында Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай бар.

Әйелдер құрамасы

Қазақстан әйелдер құрамасының сапында бес боксшы өнер көрсетеді:

  • 51 келі – Алуа Балқыбекова
  • 54 келі – Назым Қызайбай
  • 60 келі – Виктория Графеева
  • 65 келі – Аида Әбікеева
  • 75 келі – Наталья Богданова

Әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы – Елдос Сайдалин.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.