ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Қазақ боксшыларын жеңген өзбек чемпионы Азиадаға қатыспайды

Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев Жапонияның Нагоя қаласында жалауы желбірейтін 2026 жылғы Азия ойындарынан тыс қалды.

Қазақ боксшыларын жеңген өзбек чемпионы Азиадаға қатыспайды
Olympic.uz

Кәсіпқой рингке шығады

Азиада-2026 додасы 19 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады. Бірақ Өзбекстан бокс федерациясының Telegram арнасындағы мәліметке сәйкес Асадхужа Муйдинхужаев 26 қыркүйекте Homestretch турнирінде кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Осылайша 65 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан құрамасының намысын қорғауы мүмкін болған Олимпиада чемпионы Азия ойындарына қатыспайды.

"Олимпиада чемпионы әрі әлемнің үш дүркін жеңімпазы Асадхужа Муйдинхужаев кәсіпқой бокстағы мансабын жалғастырады. Ол келесі кездесуін 26 қыркүйекте Homestretch турнирінде өткізеді. Қарсыласының есімі жақын арада жарияланады", — делінген федерация хабарламасында.

Қазақстандықтармен өткен жекпе-жектері

Муйдинхужаев бұған дейін бірнеше қазақстандық боксшының жолын кескен. 2025 жылы Ливерпульде World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатының ширек финалында Ертуған Зейнуллиновты даулы шешіммен жеңген еді.

Сол жылдың желтоқсанында IBA аясындағы әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаевтан басым түсті. Ал 2023 жылғы әлем біріншілігінің финалында Дулат Бекбауовты жеңіп, қазақстандықты алтын медальдан айырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.