ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

"Ең қауіпті қарсыласы — мен": Шавкат Рахмонов Махачевке ескерту жасады

Қазақстандық UFC файтері жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Ислам Махачев үшін ең қауіпті қарсылас кім екенін айтты.

"Ең қауіпті қарсыласы — мен": Шавкат Рахмонов Махачевке ескерту жасады
instagram/shavkatrakhmonov94

Рахмонов ALF Global арнасына берген сұхбатта өзінің Махачевтан мықты тұсын айтты.

"Ислам үшін ең қауіпті қарсылас — мен. Тұрыста мен Исламнан мықтымын", — деді Рахмонов сұхбатында.

UFC-дегі үзілісі

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы желтоқсанда өткізді. Ол жеңіліс көрмеген америкалық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңіп, UFC жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге басты үміткер атанды.

Алайда тізесіндегі жарақатына байланысты қазақстандық файтердің мансабындағы үзіліс екі жылға созылды.

Рахмоновтың октагонға 2027 жылдың басынан ерте оралмайтыны болжануда. Ұзақ үзілістен кейін бабына қайта келу үшін оған бір-екі жекпе-жек қажет болуы мүмкін.

Сондықтан Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы ықтимал жекпе-жекті 2027 жылдың соңына қарай көруіміз мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.