ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Шавкат Рахмоновтың бапкері Махачевпен жекпе-жек туралы пікір білдірді

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров спортшының октагонға қашан оралуы мүмкін екенін айтты.

Шавкат Рахмоновтың бапкері Махачевпен жекпе-жек туралы пікір білдірді
instagram/shavkatrakhmonov94

DAR Team жаттықтырушысы бұл туралы "Дядя Ваня" арнасымен сұхбатында мәлімдеді. Базровтың болжамынша, Шавкат Рахмонов келесі жылдың алғашқы айларында қайта жекпе-жек өткізе алады.

"Менің ойымша, Шавкат келесі жылдың ақпан-наурыз айларында октагонға орала алады. Әр адамның өмірінде қиын кезеңдер болады. Шавкат барлық қиындықты еңсеретініне сенімдімін. Кез келген спортшы сияқты ол да мансабын күтпеген жерден аяқтауы мүмкін. Бірақ біздің жағдайымызда емес. Егер Шавкат осындай шешім қабылдаса, жанкүйерлеріне алдын ала айтып, мансабын ресми түрде аяқтайтынын мәлімдер еді. Бірақ ондай жағдай болған жоқ және ол маған бұл туралы ештеңе айтқан емес. Сондықтан жұмыс істеп, дайындала беру керек", – деді бапкер.

Махачевпен жекпе-жек туралы не деді?

Бұған дейін Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдіріп, қарсыласынан тұрыста мықты екенін айтқан еді. Алайда Эдуард Базров бұл пікірге қатысты нақты болжам жасамай, Махачевтің жетістігін жоғары бағалайтынын жеткізді.

"Шынымды айтсам, бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Ислам – біздің спорттың аңызы. Ол барлығын жеңіп келеді. Қатарынан 18 жеңісі бар. Оның нәтижесі кез келген сөзден жақсы сөйлейді. Дағыстандық жеңді, оның қолын көтерді – демек, ол үздік", – деді Базров.

Шавкат Рахмонов қазір тізесіндегі жарақаттан кейін ұзақ уақыт бойы қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.