Қазақстандық таеквондошы халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында басталған таеквондо WT бойынша әлемдік сериядағы Гран-при турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Жарыстың алғашқы күнінде 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Айдана Құмартаева үшінші орын иеленді.
Қазақстандық таеквондошы жартылай финалда әлем чемпионы Лю Ю-юньмен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қарсыласы жеңіске жетіп, Құмартаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Отандасымыз турнирдің алғашқы кездесуінде германиялық Суфарада Атешлиден басым түсті. Кейін екінші айналымда Коста-Рика ойыншысы Джейси Бассетті, ал ширек финалда франциялық Тенинба Фофананы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Муджудағы жарысқа Қазақстаннан алты таеквондошы қатысып жатыр. Биылғы Гран-при сериясының екінші кезеңіне әлемнің 46 елінен 248 спортшы жиналды. Маусымдағы шешуші Гран-при турнирі күзде Астанада өтеді.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.