Қазақстандық таеквондошы ірі турнирде қола жүлде жеңіп алды
Осы жүлденің арқасында Қазақстан құрамасының турнирдегі медаль саны үшке жетті.
Қазақстан құрамасының таеквондошысы Азим Ниязов Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup халықаралық турнирінде қола медаль иеленді.
Ерлер арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азим Ниязов жарыстың үздік үштігіне кіріп, Қазақстан қоржынына кезекті қола жүлдені салды.
Бұл нәтиже ұлттық құраманың Лахордағы халықаралық додадағы табысты өнерін жалғастырды.
Осы жүлденің арқасында Қазақстан құрамасының турнирдегі медаль саны үшке жетті.
Қазақстан қоржынында үш медаль
Бұған дейін әйелдер арасындағы 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева да қола жүлдегер атанған еді.
Айта кетейік, Лахордағы халықаралық President Cup жарысы 20 тамызда мәресіне жетеді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.