Будапешттегі Grand Slam: Қазақстандық 15 дзюдошы татамиге шығады
Халықаралық жарыс 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасының дзюдодан өтетін Grand Slam турниріне қатысатын алдын ала құрамы жарияланды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, ел намысын 15 спортшы қорғайды.
Алдын ала тізімге ерлер құрамасынан 12, әйелдер құрамасынан үш спортшы енген.
Ерлер:
- 60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрәділ Алжан
- 66 келі: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов
- 73 келі: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
- 81 келі: Досхан Жолжақсынов
- 90 келі: Ермахан Ануарбеков, Даниил Крылов
- 100 келі: Асқар Біржанов
- +100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Жәнтілек Нұртілеуұлы
Әйелдер:
- 48 келі: Диана Бүркеева
- +78 келі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Беделді халықаралық дода 11-13 қыркүйек аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өтеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.