Нұржан Насанов
Нуржан Насанов орысша
Нұржан Насанов — қазақстандық бокс жаттықтырушысы, 2026 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан ерлер бокс құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Жаттықтырушылық жұмысын 2016 жылы бастаған, әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері. Оның басшылығымен құрама 2026 жылғы Азия чемпионатында 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
- Спорт түрі
- Бокс
- Туған күні
- 23.10.1975
- Ұлттық құрама
- Қазақстан ерлер бокс құрамасының бас бапкері, 2026 жылы тағайындалды
- Азия чемпионаты
- Жалпыкомандалық жеңіс, 2026 (бас бапкер ретінде)
- Шәкірті
- Санжар Тәшкенбай, әлемнің екі дүркін чемпионы
- Жаттықтырушылық
- 2016 жылдан бастап
Анықтама Уикипедия бойынша: Нұржан Нишанұлы Насанов
Тұрсынғали Еділов: "Қожахан - жаңа көшбасшы"
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Таразда бокстан ел чемпионатында көзге түскен Әділбек Қожаханның әлеуетін жоғары бағалады.
Нұржан Насанов боксшылардың Азиададағы нәтижесін бағалады
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Жапониядағы Азия ойындарында команданың өнеріне көңілі толатынын айтты.
"Болашақ Олимпиада чемпионы". Абылайхан Жүсіпов Төрехан Сабырханның жеңісі жайлы
70 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов те Азия ойындарына баруға үміткер болған.
"Дұрыс шешім": Еділов Төрехан Сабырханның Азия ойындарына қатысуы туралы
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов әлем чемпионы Төрехан Сабырханның Жапонияға Азия ойындарына баратынына қатысты пікірін айтты.
Азиадаға қатысатын боксшылар құрамы белгілі болды
Жуырда Қазақстан бокс федерациясы тиісті тізімді жариялады. Оған ерлер және әйелдер құрамасынан 11 боксшы енді.
Нұржан Насанов ашық айтты: қай салмақта “дабыл” қағылды — 60 кг мен 80 кг-да не болды?
Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов Болгарияда өткен "Странджа кубогы" турнирінің қорытындысын шығарып, боксшылардың дайындығына баға берді.
Бокстан Қазақстан құрамасында проблема шаш-етектен
Қазақстандық журналист ерлер құрамасының Софиядағы халықаралық "Странджа"-2026 турниріндегі нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
Бокстан Өзбекстан құрамасы Қазақстанға келеді
Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов жақын арада елде халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығу жиыны өтетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркия, Германия, Түрікменстан және Өзбекстан боксшылары бірлескен дайындық жүргізеді.
Сабырхан мен Оралбай. Бүгін тағы кімдер рингке шығады?
Халықаралық турнир аясындағы айқастар Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Жекпе-жектер екі рингте қатар өтеді.
Оңталап Рахманов қарсыласын аямай сабап тастады
Отандасымыз жуырда Boxam Elite-2026 турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, келесі айналымға жолдама алды.
Бокстан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тізімді жариялады
Қазақстан ерлер құрамасының 2026 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын боксшылар тізімі белгілі болды. Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, команда Испаниядағы дайындыққа салмақ дәрежелері бойынша бірнеше көшбасшыны қосты.
Жанжалдан кейінгі күтпеген қадам: Федерация ұлттық құрамаға бокс аңыздарын не үшін шақырды?
Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) Түркістан облысындағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына отандық бокстың белгілі ардагерлерін арнайы шақырды.
"Өсекке жол бермейік!" — Сәрсекбаев ұлттық құрамадағы дау-дамайға нүкте қойды
Олимпиада чемпионы, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев ұлттық құрама бас бапкерінің ауысуына байланысты тарап жатқан әңгімелерге пікір білдірді.
Олимпиада алдында қауіпті қадам ба? Өзбекстан Қазақстанның жаңа бас бапкерін қалай бағалады
Бокстан Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алишер Абдуллаев Қазақстан командасының бапкерлер штабындағы кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді.
Қайрат Сәтжанов неге кетті? Ресми себебіне күмән келтірілді
Бұрынғы бас бапкер денсаулығына байланысты қызметінен кеткенін мәлімдеген болатын. Алайда оның қызы әкесінің денсаулығы жақсы екенін айтады.
Федерацияның “ауыр” таңдауы: Насановқа сенім артудың артында не тұр?
Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бірінші вице-президенті Дархан Қызайбай ерлер ұлттық құрамасындағы кадрлық ауыс-түйіс туралы пікір білдірді.
Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалды
Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен кетті.