Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен кетті. 

Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалды
nur.kz

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ерлер ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін ресми түрде жариялады.  Оның мәліметінше, бұл қызметке Нұржан Насанов тағайындалды.

Еңбек жолы мен тәжірибесі

Нұржан Насанов бапкерлік қызметін 2016 жылдан бастап келеді. Ал 2024 жылдан бері ол Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының мүшесі болды.

Маманның ең танымал шәкірттерінің бірі — екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай.

Айта кетейік, бұған дейін ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сәтжанов атқарған. Ол бұл лауазымды денсаулығына байланысты босату жөнінде шешім қабылдады.

Оқи отырыңыздар

Жәнібек Әлімханұлының ақталуы екіталай – сарапшы пікірі

Қайрат Ахметов ұзақ үзілістен кейін жеңіспен оралды

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір