Қайрат Ахметов ұзақ үзілістен кейін жеңіспен оралды (Видео)

Сарапшы, спорт журналисі

Ол ACA 198 турнирінде жеңіске жетті.

Қазақстандық файтер Кайрат Ахметов (30-2) Грозный қаласында (Ресей) өткен ACA 198 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен аяқталды

Ахметов ресейлік спортшы Мансур Хатуевпен (16-5) кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Қарсыласу нәтижесінде қазақстандық файтер төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Кайрат Ахметов кәсіби мансабындағы 31-ші жеңісіне қол жеткізсе, Мансур Хатуев алтыншы рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, Ахметов ММА ережесі бойынша соңғы рет 2023 жылдың мамыр айында жекпе-жек өткізіп, австралиялық Рис Макларенді (19-9) жеңген еді. Бұл жеңіс Кайрат үшін аралас жекпе-жектегі қатарынан жетінші табысты кездесу болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір