Өзбек боксының қазақ қаһарманы уругвайлық нокаушымен жұдырықтасады

Сарапшы, спорт журналисі

Өзбекстан атынан өнер көрсететін этникалық қазақ боксшы Руслан Абдуллаев 2026 жылғы алғашқы жекпе-жегінің қарсыласын және өтетін күнін білді. 

Өзбек боксының қазақ қаһарманы уругвайлық нокаушымен жұдырықтасады
instagram/@bugun_sport

Қашан және қайда өтеді?

Супержеңіл салмақта өнер көрсететін Абдуллаев 16 қаңтар күні АҚШ-та рингке шығады. Бұл оның биылғы маусымдағы алғашқы айқасы болмақ.

Қарсыласы ретінде уругвайлық файтер Эдуардо Хавьер Абреу таңдалған. Оның рекорды — 14 жеңіс, 1 жеңіліс, оның ішінде 10 нокаут бар. Яғни, алдағы кездесу Абдуллаев үшін мықты тексеріс болғалы тұр.

Абдуллаевтың кәсіпқой бокстағы жолы

Руслан Абдуллаев 2025 жылы кәсіпқой бокста дебют жасап, қатарынан үш жеңіске жеткен. Сондай-ақ боксшы Оскар Де Ла Хойяға тиесілі Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойғаны бұған дейін де айтылған. 

Абдуллаев кәсіпқой рингке дейін әуесқой бокста белсенді өнер көрсетті. Ол Париж Олимпиадасына қатысып, 1/4 финалда даулы жағдайда жеңіліп қалды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір