ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Жанжалдан кейінгі күтпеген қадам: Федерация ұлттық құрамаға бокс аңыздарын не үшін шақырды?

Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) Түркістан облысындағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына отандық бокстың белгілі ардагерлерін арнайы шақырды. 

Жанжалдан кейінгі күтпеген қадам: Федерация ұлттық құрамаға бокс аңыздарын не үшін шақырды?
Instagram/@boxingkazakhstan

Құрама жиынына кімдер барды?

ҚБФ мәліметінше, ел боксына ұзақ жыл еңбек сіңірген танымал боксшылар мен бапкерлер құрамаға келіп, федерация басшылығымен және ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен пікір алмасты. Жиынға келгендер қатарында Тұрсынғали Еділов, Ермахан Ыбырайымов, Дамир Буданбеков, Әлімбек Балмағамбетов, Марат Елеусінов және Жұмабек Өмірзақов болды. 

Федерация таратқан ақпаратта ардагерлер Қазақстандағы бокстың қазіргі ахуалын бағамдап, ұлттық құраманың бағытына қатысты ой-пікірін білдірді. Алдағы даму жолына байланысты ұсыныстарын ортаға салды. 

Яғни кездесу формальды қонақтық емес, тәжірибе мен сабақтастыққа негізделген кеңес сипатында өтті.

Дәстүр жалғасты: құрмет пен шапан

Кездесу барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, қазақы дәстүрге сай шапан жабылды. Сонымен бірге Қазақстан боксының ақсақалдары жаңа бас бапкер Нұржан Насановқа сәттілік тілеп, ұлттық құрамаға ақ батасын берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.