Нұржан Насанов ашық айтты: қай салмақта “дабыл” қағылды — 60 кг мен 80 кг-да не болды?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов Болгарияда өткен "Странджа кубогы" турнирінің қорытындысын шығарып, боксшылардың дайындығына баға берді.

Нұржан Насанов ашық айтты: қай салмақта “дабыл” қағылды — 60 кг мен 80 кг-да не болды?
instagram.com/@boxingkazakhstan

Бас бапкер неге құраманы халықаралық жарыстарға жіберді?

Насановтың айтуынша, қызметке келгеннен кейін ол ең әуелі әр боксшының мүмкіндігін көзбен көріп, потенциалын жеке бағалауды маңызды санаған. Сол себепті құрама спортшылары халықаралық турнирлерге Испания мен Болгарияға жолданған.

Бас бапкер жаттығу процесінде негізгі үш бағытқа басымдық берілетінін жеткізді физикалық дайындық, функционалдық төзімділік және тактикалық сауат.

“Странджа кубогы” нені көрсетті?

Маманның сөзінше, бұл додаға көптеген елдер бірінші нөмірлі боксшыларын алып келген. Қазақстан болса керісінше, екінші және үшінші құрамдағы спортшыларға мүмкіндік берген.

Насанов турнир команда үшін пайдалы «айна» болғанын жасырмады:

“Бұл жарыс қай тұста кемшілік барын және қай бағытта жұмысты күшейту керек екенін анық көрсетті”, — деді ол.

Қандай салмақтарда сұрақ көп?

Бапкер бірнеше салмақта нақты мәселелер барын атап өтті. Мысалы:

  • 65 кг дейін — үш боксшы тексерілген;
  • 60 кг дейін — Бейбарыс Жексен мен Руслан Күзеубаевқа мүмкіндік берілгенімен турнирді жеңіспен аяқтай алмаған;
  • ауыр салмақтарда да сұрақ бар екені айтылды;
  • 80 кг дейін — Санжарәлі Бегалиев сыналған, алайда жүлдесіз қалған.

Осы бағыттар бойынша жақын уақытта бапкерлер штабы мен Федерация ішінде талқылау өтіп, шешім қабылданатыны хабарланды.

Жастарға мүмкіндік бар: негізгі құрам күшейе ме?

Соған қарамастан бас бапкер жас боксшылардың ішінен негізгі құрамға жақын тұрғандары бар екенін айтты. Оның сөзінше, ондай боксшылармен жүйелі жұмыс жалғасуы тиіс.

Тағы бір маңызды тұс — Странджа турнирі қазақстандық боксшыларға қарсыластар деңгейін бағамдауға мүмкіндік берген. Бұл алдағы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындары қарсаңында аса қажет тәжірибе саналады.

Болгариядағы турнирде қазақстандық боксшылар 1 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір