ӘЧ-да бес алтын алған жерлесіміз әсерін бөлісті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Абсолютті әлем чемпионы атанған отандасымыз жуырда әсерін бөлісті. 

ӘЧ-да бес алтын алған жерлесіміз әсерін бөлісті (ВИДЕО)
sportilinet.kz

Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (ЮЧМ-2026) бес алтын медаль жеңіп алып, абсолютті әлем чемпионы атанды. Жуырда спортшы отандық БАҚ-қа сұхбат беріп, тарихи жетістіктен алған әсерімен бөлісті.

500 метр – күтпеген алтын

Шумекованың айтуынша, чемпионат алдында жүлде алатынына сенімді болған, алайда 500 метр қашықтықта жеңіске жетемін деп ойламаған.

"Чемпионатқа дейін медаль болатынын сездім, бірақ 500 метрде емес. Себебі маусым бойы бұл қашықтықта Кубок кезеңдерінде жүлде ала алмадым. Ал дәл әлем чемпионатында бірінші болдым", – деді ол.

Абсолютті әлем чемпионы атану сезімі туралы спортшы ерекше толқыныспен айтты.

"Бұл – керемет эмоция. Тұғырда тұрған кезде Қазақстанның туы көтеріледі, әнұран ойнайды. Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес, – деп бөлісті Шумекова.

Бес алтын – тарихи нәтиже

Жастар арасындағы ӘЧ-2026 турнирінде Кристина Шумекова келесі бағдарламаларда жеңімпаз атанды:

  • 500 метр
  • 1000 метр
  • 1500 метр
  • Кіші көпсайыс
  • Командалық спринт

Осылайша, қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын жеңіп алып, ел тарихындағы ең жарқын жетістіктердің біріне қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір