Аты шулы қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері Жұман Жұмабеков (17-8) келесі жекпе-жегін 11 сәуір күні Алматыда өткізеді.

Аты шулы қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды
prosports.kz

IBA Nomad турниріндегі қарсыласы кім?

IBA Nomad турнирінің соглавный жекпе-жегінде (кештің екінші басты айқасы) “Арлан” лақап атымен танымал Жұман Жұмабеков ирандық файтер Мохаммед Хейбатимен (6-5) кездеседі. Қарсыласы ММА жанкүйерлеріне “Парсы дағыстандық” деген лақап атпен таныс.

Жұмабеков қандай формада келеді?

Еске сала кетейік, Жұман Жұмабеков соңғы рет қаңтар айында октагонға шығып, бразилиялық Рилдеси Диасты (28-17) екінші раундта сабмишнмен жеңген еді.

Қазір Жұмабеков кәсіби ММА-да үш жеңістен тұратын серияда келеді. Оның соңғы үш жекпе-жегі Naiza FC промоушенінде өткен.

Ал ирандық Мохаммед Хейбати соңғы рет өткен жылдың маусым айында айқасқа шыққан. Сол жолы ол қазақстандық Санжар Тәжиевті (3-4) екінші раундта сабмишнмен ұтқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір