Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Болашақ Олимпиада чемпионы". Абылайхан Жүсіпов Төрехан Сабырханның жеңісі жайлы

70 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов те Азия ойындарына баруға үміткер болған.

"Болашақ Олимпиада чемпионы". Абылайхан Жүсіпов Төрехан Сабырханның жеңісі жайлы
vesti.kz

2025 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Абылайхан Жүсіпов 70 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының чемпионы атанған Төрехан Сабырханның жеңісіне қатысты пікір білдірді.

"Бірнеше жылдан кейін Қазақстанда Азия ойындарының "алтыны" қайта пайда болғанына өте қуаныштымын. Бұл – жақсы көрсеткіш. Қазақстан бокс федерациясының, Туризм және спорт министрлігінің, бас бапкер Нұржан Насановтың ортақ еңбегінің нәтижесі. Келесі жыл – Олимпиада алдындағы маусым. Меніңше, жақсы нәтижелер жалғасады. Азия ойындарындағы "алтын" – келесі Олимпиадада Қазақстаннан чемпион шығуы мүмкін деген жақсы белгі. Келесі Олимпиадада "алтын" аламыз деп шын сенемін", – деді Жүсіпов.

Төрехан Жүсіповтің басты бәсекелесі болды

70 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов те Азия ойындарына баруға үміткер болған. Алайда бапкерлер штабы құрлықтық додаға Төрехан Сабырханды жіберу туралы шешім қабылдады.

Бұл таңдау нәтижелі болды: 20 жастағы боксшы турнирді алтын медальмен аяқтады.

Азия ойындарының финалында Төрехан Сабырхан Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесіп, қарсыласын  5:0 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, олар бұған дейін 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында кездескен еді. Сол кезде Ишаиш жеңіске жеткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?