ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Назым Қызайбай Азия ойындары алдында жанкүйерлерге үндеу жасады

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай Жапонияға аттанар алдында отандастарына үндеу жасады.

Назым Қызайбай Азия ойындары алдында жанкүйерлерге үндеу жасады
instagram/nazym_kyzaibay09

Қазақстандық боксшы Айти және Нагоя қалаларында өтетін Азия ойындарындағы маңызды жарыс алдында жанкүйерлерден қолдау сұрады.

"Жапонияға ұшып барамыз. Соңғы, қорытынды оқу-жаттығу жиынымызды өткізіп, енді жарысқа дайындаламыз. Алда — маңызды жарыс. Бар күшімізді салып, еліміздің намысын лайықты қорғауға тырысамыз. Бізге сәттілік пен жеңіс тілеп, ақ тілектеріңізді арнап, дұғада болыңыздар. Қолдауларыңыз бен жақсы ниеттеріңіз біз үшін өте маңызды! Алла қаласа, Жапониядан жақсы жаңалықпен, жеңіспен оралуға жазсын!" – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

2026 жылғы жазғы Азия ойындары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасынан аталған додаға 11 боксшы қатысады. Оның ішінде ерлер құрамында – 6, әйелдер құрамында 5 боксшы бар.

Ерлер құрамасы

  • 55 келі – Махмұд Сабырхан
  • 60 келі – Оразбек Асылқұлов
  • 70 келі – Төрехан Сабырхан
  • 80 келі – Сабыржан Аққалықов
  • 90 келі – Нұрбек Оралбай
  • +90 келі – Айбек Оралбай

Әйелдер құрамасы

  • 51 келі – Алуа Балқыбекова
  • 54 келі – Назым Қызайбай
  • 60 келі – Виктория Графеева
  • 65 келі – Аида Әбікеева
  • 75 келі – Наталья Богданова
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.