ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Ешқандай іріктеу болған жоқ": Тоғамбай Азиадаға неге бармағанын айтты

Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай Қазақстан құрамасының Азия ойындарына арналған тізіміне енбей қалмағанына байланысты пікір білдірді.

"Ешқандай іріктеу болған жоқ": Тоғамбай Азиадаға неге бармағанын айтты
instagram/@togambay_sagyndyk

Бапкерлердің шешімі туралы

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлердің сауалына жауап берді. Ол Азия ойындары алдындағы спаррингтер мен арнайы іріктеу жекпе-жектері өткізілмегенін мәлімдеді.

"Азия ойындарына неге бармадың?" деп сұрап жатқандарға айтарым: бұл — бапкерлердің шешімі. Болды. Ешқандай спарринг те, іріктеу де өткізілген жоқ. Жарысқа аттанған жігіттерге тек сәттілік тілеймін!" — деп жазды Сағындық Тоғамбай Instagram желісіндегі сторисінде.

Тоғамбайдың жетістіктері

Қазақстан құрамасының боксшысы әуесқой рингте бірнеше ірі халықаралық жарыста жүлде алған:

  • 2024 жылғы Азия чемпионы;
  • 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері;
  • IBA аясындағы 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • World Boxing ұйымдастырған 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.

90 келіде ел намысын Нұрбек Оралбай қорғайды

Қазақстан ерлер құрамасы алты боксшымен Жапонияға аттанды. Ұлттық команда Айти мен Нагояда өтетін 2026 жылғы Азия ойындары алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізеді.

Сағындық Тоғамбай өнер көрсететін 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Нұрбек Оралбай сынға түседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.