Сабыржан Аққалықов Азиада алдында уәде берді
Отандасымыз биылғы Азия ойындарында 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасының боксшысы, Азияның қазіргі чемпионы Сабыржан Аққалықов 2026 жылғы Азия ойындары қарсаңында әлеуметтік желіде жазба жариялап, Жапониядағы додада ел намысын абыроймен қорғауға уәде берді.
Қазақстандық боксшы алдағы жарыстағы басты мақсаты жеңіс екенін атап өтті.
"Мақсатымыз — жеңіс! Бар күшімізді салып, ел намысын абыроймен қорғауға барамыз. Тек алға. Тек жеңіс. Тек Қазақстан!", - деді Сабыржан Аққалықов.
Қазақстан құрамасы соңғы дайындыққа кірісті
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасынан жасақталған 11 боксшы Жапониядағы Азия ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу кезеңіне аттанды.
Ал Азия ойындарындағы бокс бәсекесі 21 қыркүйектен 2 қазанға дейін өтеді.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов Қазақстан құрамасы сапында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.