ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Жетісу" клубы әлем чемпионатына қатысатын болды

Жарыс биыл желтоқсанда Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтеді. Оған сегіз команда қатысады. 

"Жетісу" клубы әлем чемпионатына қатысатын болды
sportarena.kz

Талдықорғанның "Жетісу" әйелдер волейбол клубы 2026 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Қазақстандық команда желтоқсанда Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтетін беделді турнирдің сегіз қатысушысының қатарына енді.

FIVB ресми мәліметінше, әлем чемпионаты 8–13 желтоқсан аралығында Wlamir Marques спорт кешенінде өтеді. Турнирге Еуропа, Азия, Оңтүстік Америка және Африканың үздік клубтары қатысады.

"Жетісу" қай топта ойнайды?

Қазақстанның 11 дүркін чемпионы "Жетісу" B тобына түсті.

Талдықорғандық клубтың қарсыластары:

  • "Вакыфбанк" – Түркия;
  • SESI Vôlei Bauru – Бразилия;
  • "Әл-Ахли" – Мысыр.

Бұл топта әлемдік клубтық волейболдың ең мықты командаларының бірі саналатын "Вакыфбанк" те бар. 

"Жетісудың" матч кестесі

Қазақстандық клуб топтық кезеңде үш кездесу өткізеді:

  1. 8 желтоқсан: "Вакыфбанк" – "Жетісу"
  2. 9 желтоқсан: SESI Vôlei Bauru – "Жетісу"
  3. 10 желтоқсан: "Әл-Ахли" – "Жетісу"

Әр топтан үздік екі команда жартылай финалға шығады. Жартылай финалдық кездесулер 12 желтоқсанда, ал үшінші орын үшін матч пен финал 13 желтоқсанда өтеді.

Айта кетейік, талдықорғандық команда клубтар арасындағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырған жоқ. 2025 жылы да Сан-Паулуда өткен әлемдік додада өнер көрсетіп, турнирді жетінші орынмен аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.