ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Тоқаев Орталық Азиядағы ең үлкен футбол стадионына барды

Қазақстан Президенті Қырғызстан астанасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Тоқаев Орталық Азиядағы ең үлкен футбол стадионына барды
instagram/@ptrk.kz

Тоқаевты Садыр Жапаров қарсы алды

Мемлекет басшысы салтанатты іс-шара өтетін "Бішкек Арена" стадионына келді. Қазақстан Президентін нысанның алдында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қарсы алды.

"Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін "Бішкек Арена" стадионына келді", — делінген ресми хабарламада.

"Бішкек Арена" 51 мың көрерменге арналған

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты Қырғызстан астанасындағы жаңадан салынған "Бішкек Аренада" өтіп жатыр.

Нысанның трибуналары 51 мыңға жуық көрерменді қабылдай алады. Сыйымдылығы жағынан Орталық Азиядағы ең үлкен футбол стадионы саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына қатысу үшін келген.

Сапар бағдарламасына VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысу да енгізілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.