Шахматтан қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы халықаралық шебер атанды
Шахматтан жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Данис Қуандықұлы халықаралық шебер атағына ие болды.
Қырғызстандағы үздік нәтиже
Қазақстандық шахматшы бұл атаққа шілде айында Қырғызстанда өткен Орталық және Солтүстік Азия жасөспірімдері арасындағы чемпионатта қол жеткізді.
18 жасқа дейінгі шахматшылар санатында бақ сынаған Данис тоғыз партияның жетеуінде жеңіске жетіп, қалған екі кездесуін тең аяқтады. Нәтижесінде мүмкін болған 9 ұпайдың 8-ін жинады.
Қуандықұлының турнирдегі рейтингтік перформансы 2533 болды.
FIDE ережесі бойынша атақ тікелей берілді
Халықаралық шахмат федерациясының регламентіне сәйкес U18 санатындағы аймақтық чемпионаттың жеңімпазы халықаралық шебер атағын тікелей иеленеді.
Осылайша Қырғызстандағы жарыста топ жарған Данис Қуандықұлы қажетті нормаларды бөлек орындамай-ақ мәртебелі атаққа жетті.
Жас шахматшы бұған дейін әлемдік деңгейде екі рет жеңіс тұғырына көтерілген:
- 2023 жылы 10 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанды;
- 2025 жылы 12 жасқа дейінгі санатта екінші әлемдік титулын жеңіп алды.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.