Қазақстан әлем чемпионатында Түркияны 8:1 есебімен жеңді
Соккадан Қазақстан құрамасы Эссендегі әлем чемпионатында қатарынан екінші ірі жеңісіне жетті.
Түркияның қақпасына сегіз гол соғылды
Қазақстан құрамасы H тобындағы екінші турда Түркиямен кездесіп, қарсыласын 8:1 есебімен тас-талқан етті. Матч барысында қазақстандық футболшылар шабуылда жоғары нәтижелілік танытып, ойын тізгінін толық өз қолында ұстады.
Қазақстан құрамасының сапында:
- Олжас Тайбасаров — 2 гол;
- Ғалым Райханов — 2 гол;
- Диас Егінжанов — 1 гол;
- Азамат Сейфуллин — 1 гол;
- Алексей Забогонский — 1 гол;
- Темірлан Әділов — 1 гол соқты.
Екінші ірі жеңіс
Ұлттық құрама әлем чемпионатын өте сенімді бастады. Алғашқы турда қазақстандықтар Ирак құрамасын 13:1 есебімен ойсырата жеңді.
Сөйтіп Қазақстан екі матчта қарсыластарының қақпасына 21 гол соғып, небәрі екі доп жіберді.
2026 жылғы соккадан әлем чемпионатының H тобында Қазақстанмен бірге мына құрамалар өнер көрсетіп жатыр:
- Ирак;
- Түркия;
- Бельгия;
- Гаити.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.