Самат Смақовтың ұлы "Фенербахчеге" қарсы матчта жеңіс әкелді
Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов Түркия чемпионатында нәтижелі ойынымен көзге түсті.
Аламгир екі голға тікелей қатысты
19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Түркия чемпионатының төртінші турында "Бешікташ" пен "Фенербахчемен" кездесті.
Бірінші таймның қосымша уақытында, яғни 45+1-минутта Аламгир Смақов Аяз Хактам Гүлсүмге нәтижелі пас берді. Ал 59-минутта қазақстандық жартылай қорғаушы қарсылас қақпасын өзі дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Кездесу 2:1 есебімен "Бешікташтың" жеңісімен аяқталды.
Төрт матчта үш гол соқты
Бұл — 18 жастағы Аламгир Смақовтың биылғы жастар чемпионатындағы үшінші голы. Ол бұған дейін "Эюпспорға" қарсы (4:2) және "Аланьяспормен" кездесуде (2:0) мергендігімен танылған еді.
"Бешікташтың" жастар командасы маусымның алғашқы төрт матчында да жеңіске жетті. Ыстанбұлдық клуб 12 ұпай жинап, Түркияның 19 жасқа дейінгі командалар чемпионатының турнир кестесінде сенімді түрде көш бастап тұр.