Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев алаңға қашан оралатыны айтылды

Чемпионшиптің алдыңғы турында "Мидлсброға" қарсы кездесудің соңына қарай алаңнан кеткен еді. 

Дастан Сәтпаев алаңға қашан оралатыны айтылды
NUR.KZ

"Бернли" клубының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шыға алмайтынын мәлімдеді.

Маман бұл туралы Чемпионшиптің бесінші турында "Бристоль Ситиге" қарсы 1:2 есебімен аяқталған матчтан кейін айтты.

Сәтпаев бірнеше аптаға қатардан шықты

Хайеннің сөзінше, қазақстандық футболшыға толық қалпына келу үшін уақыт қажет.

"Иә, өкінішке қарай, ол бірнеше аптаға қатардан шықты. Бұл – назар аударуды қажет ететін жағдайлардың бірі. Бұған дейін айтқанымдай, ол маусым алдындағы дайындықтан өтті, бірақ ол толыққанды болған жоқ. Біз ойыншыларға қажетті жүктемені беруге тырысамыз, сонымен бірге оларды шамадан тыс қинамауымыз керек. Мұнда дұрыс балансты табу маңызды", – деді Ники Хайен.

Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің алдыңғы турында "Мидлсброға" қарсы кездесуде "Бернлидің" негізгі құрамында алаңға шыққан болатын. 

Матч 1:1 есебімен тең аяқталып, қазақстандық шабуылшы кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. Алайда Сәтпаев 81-минутта алаңнан шыққан кезде санының артқы бөлігін ұстап кеткен еді.

Кейін инсайдерлер қазақстандық футболшының тізе асты сіңірінен жарақат алуы мүмкін екенін хабарлады.

Жарнама
Жарнама