Жәнібек Әлімханұлы Дастан Сәтпаевтың жетістігіне реакция білдірді
18 жастағы қазақстандық шабуылшы "Мидлсброға" қарсы матчта кездесудің үздік ойыншысы атанған еді.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Англия Чемпионшипінде "Бернли" сапында өнер көрсетіп жүрген Дастан Сәтпаевтың жетістігіне пікір білдірді.
Әлімханұлы не деп жазды?
"Бернлидің" ресми Instagram-парақшасы Сәтпаевтың үздік ойыншы атанғаны туралы жазба жариялаған.
Осы посттың астына Жәнібек Әлімханұлы қысқа ғана пікір қалдырды.
"Тамаша", – деп жазды "Қазақ стилі" лақап атымен танымал боксшы және бас бармақ белгісін қосты.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев "Челсиден" "Бернлиге" жалға берілді.
Чемпионшиптің төртінші турында "Бернли" "Мидлсбромен" 1:1 есебімен тең ойнады. Сәтпаев кездесуді негізгі құрамда бастап, алаңда 80 минут өткізді.
Матч аяқталғаннан кейін қазақстандық футболшыға кездесудің үздік ойыншысы жүлдесі табысталды.
"Бернлидің" келесі матчы қашан?
"Мидлсбромен" тең ойыннан кейін "Бернли" Чемпионшипте төрт турдан соң 23-орында тұр.
Команданың келесі кездесуі 5 қыркүйекте өтеді. "Бернли" бұл жолы "Бристоль Ситиге" қарсы ойнайды.