Жарнама
Жарнама

"Match Day": Ақтөбе биыл да дымсыз қала ма?

Кезекті шығарылым барысында резиденттер "Қайрат" пен "Ордабасы" арасындағы чемпиондық бәсекені де сөз етті. 

ҚПЛ чемпиондығынан басты үміткер "Ордабасы" мен "Қайрат интриганы соңғы сәтке дейін сақтайтын секілді. Ел чемпионаты аяқталуына бес тур қалғанда қос команда арасындағы ұпай айырмасы барынша минималды көрсеткішке жетіп отыр. Соңғы 25-турда шымкенттіктер сырт алаңда "Оқжетпестен" жеңіліп, жанкүйерлері алдында жерге қарады. Ал, мұны "Қайрат" ұтымды пайдаланып кетті. 

Оразбахтин шәкірттері өз алаңында "Каспий" клубын ойсырата жеңіп, үшінші жыл қатарынан чемпион атануға бір табан жақындады. 

"Match Day" резиденттері бүгін осынау матчпен қатар 25-турда болған басқа да ойындарға талдау жасады. Биыл чемпиондыққа кім лайық, қай командалар ҚПЛ-ден ұшады, Еуропадан келген легионерлер Қазақстанға неге сіңісе алмады деген сұрақтарға да жауап іздеді.

Жарнама
Жарнама