Дастан Сәтпаев "Олд Траффордта" Чемпиондар лигасының матчын тамашалады

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы мен Англияның "Бернли" клубының шабуылшысы Манчестерге Чемпиондар лигасының кездесуіне барды.

Дастан Сәтпаев "Олд Траффордта" Чемпиондар лигасының матчын тамашалады
NUR.KZ

Сәтпаев "Манчестер Юнайтедтың" матчын көрді

Қазақстандық футболшы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Манчестер Юнайтед" – "Сабах" кездесуін трибунадан тамашалаған. Матч әйгілі "Олд Траффорд" стадионында өтті.

Дастан Сәтпаевтың стадионда болғанын ресейлік танымал блогер Герман "Эль Класико" Попков растады. Ол қазақстандық шабуылшымен бірге түскен суретін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Айта кетейік, Герман Попков – медиафутболда танымал "Амкал" клубының негізін қалаушы әрі президенті.

Жарақатын емдеп жатыр

18 жастағы Дастан Сәтпаев қазір Англияның "Бернли" клубының намысын қорғайды. Ол Чемпионшип аясында "Мидлсброға" қарсы кездесуде "Бернлидың" негізгі құрамында алаңға шыққан. Матч 1:1 есебімен аяқталып, шабуылшы кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. Бірақ Сәтпаев 81-минутта алаңнан шыққан кезде санының артқы бөлігін ұстап кеткен еді.

Қазір Сәтпаев жарақатын "Челсидің" медициналық мамандарының бақылауымен емдеп жатыр. Кейін "Бернли" сапына қайта қосылмақ.

Жарнама
Жарнама