"Ордабасы" ҚПЛ кестесінде қайта көш бастады

Жарнама
Жарнама

Шымкенттік клуб Қазақстан Премьер-лигасының 26-турындағы орталық кездесуде "Астанадан" басым түсті.

"Ордабасы" ҚПЛ кестесінде қайта көш бастады
instagram/@fc__ordabasy

Шымкентте өткен тартысты матчта жанкүйерлер жалғыз голға куә болды. Кездесудің тағдырын шешкен допты шабуылшы Жасұлан Әмір 78-минутта соқты.

Қалған уақытта "Астана" таразы басын теңестіруге тырысқанымен шымкенттік команда есепті сақтап қалды.

Маңызды жеңістен кейін "Ордабасы" 58 ұпай жинады. Шымкенттік клуб Алматының "Қайратын" бір ұпайға артқа тастап, ҚПЛ кестесінің бірінші сатысына қайта орналасты.

Дегенмен "Қайраттың" бір ойыны кем екенін атап өткен жөн. Сондықтан чемпиондық бәсекедегі жағдай алдағы кездесулерден кейін өзгеруі мүмкін.

Ал 45 ұпайы бар "Астана" турнирлік кестедегі үшінші орнын сақтап қалды.

Жарнама
Жарнама