Самородовтың нәтижелі пасы "Ахматқа" РПЛ-де камбэк жасауға көмектесті
Грозныйдың "Ахматы" Ресей Премьер-лигасының 2026/27 маусымындағы сегізінші турда Махачкаланың "Динамосын" 3:2 есебімен жеңді.
"Ахмат" екі рет есепті теңестірді
Грозныйда өткен кездесудің алғашқы таймында командалар гол соға алмады. Үзілістен кейін 48-минутта Гамид Агаларов қонақтарды алға шығарды.
Араға он минут салып, Максим Самородов бұрыштамадан допты айып алаңына дәл жеткізді. Қазақстандық футболшының пасын Калиду Сидибе голға айналдырып, есепті теңестірді.
64-минутта Темірқан Сундуков "Динамоға" қайтадан басымдық сыйлады. Бірақ екі минуттан кейін Андрес Аларкон допты өз қақпасына бағыттап алып, таблодағы есеп 2:2 болды.
Кездесудің 86-минутында Мануэль Келиану "Ахматтың" үшінші әрі жеңіс голын соқты. Қосымша уақыттың бесінші минутында Сүндуков алаңнан қуылып, махачкалалық команда матчты он ойыншымен аяқтады.
Кенжебек Самородовты алмастырды
Максим Самородов "Ахматтың" негізгі құрамында алаңда 85 минут өткізді. Одан кейін оның орнына вингер Ғалымжан Кенжебек қосылды.
Осылайша "Ахмат" өз алаңында жеңіске жетіп, 10 ұпай жинады. Ал Махачкаланың "Динамосы" 12 ұпаймен қалды.