ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Өзбекстан Азиаданың плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты
instagram.com/uzbekistanfa/

Өзбекстан Азиаданың плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты

Футболдан Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қатарынан екінші жеңісіне жетіп, топтық кезең аяқталмай жатып плей-офф жолдамасын қамтамасыз етті.

Кувейт қақпасына жауапсыз екі гол соғылды

С тобындағы екінші турда Өзбекстан U-23 құрамасы Кувейт жастарымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч тағдыры бірінші таймда шешілді. Өзбек шабуылшысы Сардорбек Бахромов дубль авторы атанды. 

Кувейт футболшылары үзілістен кейін ойын барысын өзгертуге тырысқанымен Өзбекстан құрамасы екі голдық басымдығын сақтап қалды.

Екі турдан кейін Өзбекстан U-23 құрамасының еншісінде 6 ұпай бар. Команда қарсыластарының қақпасына жеті гол соғып, өз қақпасына бір ғана доп жіберген. Осы нәтижеден кейін Өзбекстан құрамасы топтағы соңғы кездесуіне қарамастан Азия ойындарының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.

Соңғы турда Вьетнаммен кездеседі

Топтық кезеңнің үшінші турында Өзбекстан U-23 құрамасы Вьетнамға қарсы ойнайды. Бұл кездесу өзбекстандықтардың С тобындағы қорытынды орнын анықтайды.

Айта кетейік, Азия ойындарындағы алғашқы матчта Өзбекстан жастары Филиппин құрамасын 5:1 есебімен ойсырата жеңген.

Жарнама
Жарнама