ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкермен алғашқы жаттығуын өткізді
instagram.com/kff_team/

Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкермен алғашқы жаттығуын өткізді

Футболдан Қазақстан құрамасы Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен УЕФА Ұлттар лигасындағы төрт кездесуге дайындықты бастады.

Ван ’т Схип Қазақстан құрамасымен жұмысын бастады

Ұлттық құраманың жаңа жаттықтырушы штабы алғашқы жаттығуды "Астана Арена" стадионында ұйымдастырды. Футболшылар нидерландтық маманының басшылығымен алдағы халықаралық матчтарға дайындыққа кірісті.

ҚФФ Қазақстан құрамасының алғашқы жаттығу күнінен түсірілген видеоны өзінің ресми YouTube арнасында жариялады.

Қазақстанды Ұлттар лигасында төрт матч күтіп тұр

Ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы кезекті ойындарына дайындалуда. Алдағы кезеңде қазақстандық футболшылар төрт кездесу өткізеді. Оның екеуі сырт алаңда, екеуі Астанада өтеді.

Қазақстан құрамасының матч кестесі:

26 қыркүйек: Фарер аралдары – Қазақстан;
29 қыркүйек: Словакия – Қазақстан;
2 қазан: Қазақстан – Молдова;
6 қазан: Қазақстан – Фарер аралдары.

Осылайша Джон ван ’т Схиптің Қазақстан құрамасындағы алғашқы ресми сынақтары Фарер аралдары мен Словакияға қарсы сырт алаңдағы кездесулер болмақ. Одан кейін ұлттық команда Астанаға оралып, Молдованы қабылдайды және Фарер аралдарымен қарымта кездесу өткізеді.

Жарнама
Жарнама