ҚПЛ 1-тур
Жарнама
Жарнама
Бакуде бір билетпен төрт топ-клубтың ойынын көруге болады
instagram.com/sabahfc/

Бакуде бір билетпен төрт топ-клубтың ойынын көруге болады

Әзербайжанның "Сабах" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үй матчтарына арналған бірыңғай билеттерді сатылымға шығарды.

Бір билет – төрт матчқа

Бакулік клуб өз алаңында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде төрт кездесу өткізеді.

"Сабахтың" қарсыластары:

  • Праганың "Славиясы";
  • Дортмундтың "Боруссиясы";
  • Каталонияның "Барселонасы";
  • Италияның "Наполи" клубы.

Осы төрт матчтың барлығына арналған бірыңғай билет жанкүйерлерге бір пакет түрінде ұсынылып отыр.

Билет бағасы қанша?

Бірыңғай билеттердің құны орын санатына байланысты 35 манаттан 285 манатқа дейін белгіленген. Теңгемен есептегенде бұл шамамен 9 200 теңгеден 75 мың теңгеге дейінгі аралықта болады. Билет тек QR-код форматында қолжетімді. 

Клубтың мәліметінше, билеттер тек электронды форматта беріледі. Жанкүйерлер матчқа кіру үшін билет сатып алынған аккаунтқа кіруі қажет.

Сондай-ақ сатылып алынған билеттер қайтарылмайды, айырбасталмайды, қайта қалпына келтірілмейді. Матчтар Баку Олимпиада стадионында өтеді

"Сабах" Чемпиондар лигасындағы төрт үй кездесуін де Баку Олимпиада стадионында өткізеді.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл клубтың матчтары тағы бір себеппен қызық. "Сабах" сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама