Чемпиондар лигасы: жалпы кезеңнің соңғы турында 18 матчтың бәрі бір уақытта өтеді
11.09.2024, 00:09
УЕФА чемпиондар лигасының 2024-2025 жылғы маусымында жалпы кезеңнің 8 туры аясында өтетін матчтардың барлығы бір уақытта өтетін болды.
fifplay.com
Яғни, жарысқа қатысушы 36 клубтың бәрі 30 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 01:00-де кездесу өткізеді. Айта кетейін, турнирдің жалпы кезеңі 17 қыркүйекте басталып, қаңтардың 30-ы күні аяқталуы тиіс. Осы аралықта командалардың әрқайсысы сегіз матч өткізеді. Кесте қорытындысы бойынша үздік сегіздік 1/8 финалға бірден жолдама алады. Ал 9-дан 24-ке дейінгі орын иеленген ұжымдар 1/16 финалда қос кездесуден өткізіп, жеңімпаздары 8 үздіктің қатарына қосылады. Қалғандары жарыс жолын аяқтайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама